"Ювентус" футбол клубы сегізінші рет қатарынан Италия чемпионы атанды

Опубликовано:

Туриндік "Ювентус" футбол клубы 2018/19 жылдардағы Италия чемпионы атанды. Команда бұл жетістікке сегізінші жыл қатарынан жетіп отыр деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Чемпионатының 33-ші туры аясында өткен ойында "Ювентус" "Фиорентина" клубын 2:1 есебімен ұтты.

Нәтижесінде, туриндік ұжым Италияның 35-ші рет чемпионы атанып, титулды сегінші рет қатарынан жеңіп алды. Екі көрсеткіш те ел футболы үшін рекордтық нәтиже болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1790334-uventus-futbol-kluby-segizinsi-ret-katarynan-italia-cempiony-atandy/