Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық тағы бір футболшы жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

футболист
Фото: fc-tobol.kz: Facebook

Қостанайлық "Тобыл" командасының ойыншысы және Қазақстан құрамасының қорғаушысы жансақтау бөліміне түсті. Алдын ала мәлімет бойынша олар тамақтан уланған деп жазады KazFootball.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл жолы Дмитрий Мирошниченко ауруханаға жеткізілді. Қостанай командасының бапкері Владимир Газзаев ақпаратты растады. Оның сөзінше, футболшының жағдайы ауыр деп бағалануда.

Бапкер дәрігердің олқылығының салдарынан команда қиын жағдайға тап болғанын жеткізді. Қазір дәрігер қызметінен шеттетілді.

"Бұл жөнінде клуб директорымен сөйлестім. Жоғары білікті дәрігер табуға өтініш білдірдім", - деді Газзаев.

Дмитрий Мирошниченко танымал қазақстандық шабуылшы Андрей Мирошниченконың ұлы. Ұлттық құрамада алғаш рет 2014 жылы ойнап бастаған.

Еске сала кетейік, қостанайлық "Тобылдың" ивуариялық шабуылшысы Сенин Себаи тамақтан уланып, ауруханаға түскен болатын.

Қазір ойыншының жағдайы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1792005-kazakstan-futbol-kramasyny-tagy-bir-ojynsysy-zansaktau-blimine-tsti/

pixel