RU

"Барселона" қорғаушысы "Ливерпульмен" болған ойында тісін сындырып алды

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Ливерпульге" қарсы ойында "Барселона" клубының қорғаушысы Клеман Лангле тісінің бір бөлігін сындырып алды. Бұл туралы Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Soccer News
Фото: Soccer News: Facebook
"Ойынның алғашы 20 минуты мен үшін қиынға соқты. Өзімнің қапталындағы Салахты жабуым қажет болды. Менің алдымда оны алысқа жіберіп қоймай, қажет уақытта жақын аралықта қорғау тапсырмасы қойылды.
Бірінші таймның ортасында позиция таңдап, ойынды бақылау жеңілдей түсті.
Мен ойындағы қақтығыстың бірінде тісімнің бір бөлігін сындырып алдым. Ештеңе етпейді. "Барселонаның" жеңісіне көмектесу үшін бәріне де дайынмын", - деді Лангле.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1792323-barselona-korgausysy-liverpulmen-bolgan-ojynda-tisin-syndyryp-aldy/