Аршавинге Ресейден шығуға тыйым салынды
Опубликовано:
Ресей құрамасы мен алматылық "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы, ал қазір питерлік "Зенит" балалар академиясының жаттықтырушысы Андрей Аршавинге алимент бойынша қарыздардың болуына байланысты шетелге шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Sports.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Дереккөздің мәліметінше, Аршавин жұбайы Алиса Казьминаға 1,5 миллион рубль төлеуі тиіс. Ажырасу процесі жалғасып жатыр.
Аршавин Казьминаға 2016 жылы күзде үйленді. Ал 2017 жылы ақпан айында Есеня атты қыздары дүниеге келді.
Айта кетелігі, 38 жастағы ресейлік спортшы 2004 жылдан 2013 жылға дейін Юлия Барановскаямен азаматтық некеде болған", - деп жазады портал.
Естеріңізге сала кетейік, Андрей Аршавин 2016-2018 жылдар аралығында қазақстандық клубта 84 матч өткізіп, 24 гол соқты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1797779-andrej-arsavinge-resejden-syguga-tyjym-salyndy/