"Ұлттар лигасы": Португалия мен Голландия финалда кездесетін болды
Опубликовано:
Еуропалық футбол қауымдастығының одағы (УЕФА) ұйымдастырған Ұлттар лигасының финалында Португалия мен Голландия кездеседі. Бұл туралы Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Португалия құрамасы Криштиану Роналду соққан үш голдың көмегімен Швейцарияны ұтса, Голландия Англиядан айласын асырды.
Ақтық мәре маусымның тоғызынан онына қараған түнде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:45 басталады.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы тарихта бірінші рет ұйымдастырылып отырған турнир.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1798229-lttar-ligasy-portugalia-men-gollandia-finalda-kezdesetin-boldy/