Қытайлық миллиардер Джек Ма GGG-дің Нью-Йорктегі жекпе-жегіне арнайы келген

Опубликовано:

Күллі әлемге танымал қытайлық миллиардер Джек Ма GGG-дің жанкүйері болып шықты. Кәсіпкер қазақстандық боксшыға қолдау білдіру үшін арнайы Нью-Йоркке келіп, Стив Роллспен болған жекпе-жегіне қатысқан деп жазады Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24СМИ
Фото: 24СМИ: Facebook

Анықталғандай, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма GGG-дің адал жанкүйері.

Ол Геннадий Головкиннің "Канеломен" өткізген бірінші жекпе-жегінде де болған.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1798593-kytajlyk-milliarder-dzek-ma-ggg-di-nu-jorktegi-zekpe-zegine-arnajy-kelgen/