БАҚ: Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды
Опубликовано:
CIES Football Observatory зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат 100 ойыншыны анықтады. Көшті "Псж" және Франция құрамасының 20 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппе бастады деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, рейтингті құрастыру кезінде ойыншының жасы, позициясы, клубтық және ұлттық құрама дәресіндегі ойыны мен жетістігі, чемпионаттың деңгейі ескерілген.
Тізімді 20 жастағы Килиан Мбаппе бастады. Оның нарықтағы бағасы 252,2 млн еуроны құрайды.
Екінші орынға "Ливерпуль" мен Мысыр шабуылшысы Мохамед Салах (219, 6) жайғасты.
Үздік үштікті "Манчестер Сити" және Англия ойыншысы Рахим Стерлинг (207,9) қорытындылады.
Әлемнің үздік футболшылары болып саналатын Лионель Месси (167,4) төртінші, Антуан Гризман (143,8) - тоғызыншы, Криштиану Роналду (118,1) - жиырмасыншы орынды қанағат тұтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1799532-bak-mbappe-lemdegi-e-kymbat-ojynsy-atandy/