Арьен Роббен футболдағы мансабын аяқтады

Опубликовано:

35 жастағы голландиялық танымал футболшы Арьен Роббен спорттағы мансабын аяқтады. Аяқдопшы бұл шешімді қабылдау өзіне аса ауыр болғанын жеткізді деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Twitter
"Бұл менің футболдық мансабымдағы ең ауыр шешім болғаны сөзсіз" , - деді Роббен.

Голландиялық жартылай қорғаушы соңғы он жыл бойы мюнхендік "Баварияның" намысын қорғап, командасымен сегіз дүркін Германия чемпионы атанды.

Бұл команда атынан футболшы 309 ойын өткізіп, 144 гол соққан.

Неміс клубына дейін Арьен Роббен мадридтік "Реал" мен лондондық "Челси" сапында өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1803308-aren-robben-futboldagy-mansabyn-aaktady/