Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін

Опубликовано:

Әлемге әйгілі аяқдопшы Лионель Месси екі жылға Аргентина құрамасының ойындарынан шеттетілуі мүмкін. Танымал шабуылшы Оңтүстік Америка футбол федерациясының жұмысын сынға алғаны үшін жазалануы мүмкін деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Америка кубогі аясында болған Аргентина мен Чили командаларының кездесуінен кейін, Месси турнир ұйымдастырушылары мен төрешілерін жемқорлық үшін айыптап, арбитрлер тек қана Бразилия құрамасы үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

AS English басылымының мәлімдеуінше, мұндай айыптаулары үшін жұлдызды ойыншы құрамасы атынан өнер көрсетуге екі жылға шеттетілуі мүмкін. Егер Месси шынымен Аргентинаның намысын қорғау мүмкіндігінен айырылса, ол 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындары мен 2020 жылғы Копа Америка турниріне қатыспай қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1803596-messi-eki-zylga-futboldan-settetilui-mmkin/

pixel