Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әлем чемпионы "адам өлтірді" деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

61 келі салмақта NBA бойынша әлем чемпионы, боксшы Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аслан Мұқанов. Фото: vesti.kz
Аслан Мұқанов. Фото: vesti.kz: Instagram

31 жастағы спортшы осы жылдың наурыз айында ғана National Boxing Association бойынша әлем чемпионы атанған. Бұл спортшының кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі.

Алайда туған жеріне қайта оралған спортшы 1987 жылы туылған Серік Пішенбаевты өлтірді деген күдікке ілінді. Оның денесі Алтын дала ауылынан табылды.

Кезекші бөлімшеге белгісіз әйел хабарласып, ер адамның әпкесінің ауылына кетіп, пышақталғанын айтқан.

Кісі өлімі бойынша басты күдікті Аслан Мұқановты іздеу жұмыстары жүргізіліп, көп ұзамай чемпион қолға түскен.

Аслан Мұқанов. Фото: alau.kz
Аслан Мұқанов. Фото: alau.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1804335-kazakstandyk-lem-cempiony-adam-ltirdi-degen-kdikpen-staldy/

pixel