Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хапоэль" командасының бас бапкері "Қайраттың" артықшылықтарын атады

Опубликовано:

Израильдік "Хапоэль" командасының бас жаттықтырушысы Барак Бахар баспасөз конференциясыда алматылық "Қайраттың" мықты тұстарын атап өтті деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Қайрат" ФК
Фото: "Қайрат" ФК: Facebook

Қос команда бүгін, 25-шілде де Еуропа Лигасындағы іріктеу турнирінің бірінші матчын өткізбек.

"Менің ойымша, "Қайраттың" артықшылығы бар. Қазақстанда маусым қызу жүріп жатыр, біз енді ғана бастадық. Сондықтан да біздің қарсыласымыз жақсы күйде. Біз мықты жақтарымызды пайдалануға тырысамыз: өз алаңымыз, жанкүйерлер қолдауы, үлкен мотивация.
"Қайрат" - гол соғуды жақсы көретін және соға білетін команда. Қарсыластар құрамында бірнеше өте талантты ойыншылар бар. Сол себепті, "Қайраттың" шабуылдарынан өте сақ болған жөн. Өз қақпамызды жабық ұстауымыз керек. Қарсыластардың қонақтар голын соғуына мүмкіндік беруге болмайды. Біз қарсыласты жақсы зерттедік және "Қайратта" керемет шабуылшылар көп екенін білеміз", - дейді Бахар.

Бұған дейін "Хапоэль" бапкерінің "Қайраттағы" әріптесі Алексей Шпилевский алаң мен ауа райы қарсыластың жағында болады деп айтқан болатын.

Осыған қарамастан, алматылық жаттықтырушы оның командасы Израильге жеңіске жету үшін келгенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1807215-hapoel-komandasyny-bas-bapkeri-kajratty-artyksylyktaryn-atady/

pixel