DAZN Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болатынын ресми түрде хабарлады
Опубликовано:
talkSPORT редакторы Майкл Бенсон өзінің Twitter парақшасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бенсон бұл туралы DAZN-мен келісім шарты бар промоутер Эдди Хирннен білгенін айтқан.
"Эдди Хирн Геннадий Головкинның 5-қазанда Лос-Анджлесте рингке оралатынын айтты", - деп жазған Бенсон.
Естеріңізде болса, GGG осы жылдың қаңтарынан бастап стримингті платформамен бірлесе жұмыс жасай бастаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1808657-dazn-golovkinni-kelesi-zekpe-zegi-kasan-bolatynyn-resmi-trde-habarlady/