Лондондық "Арсенал" капитаны "Бордо" ойыншысы атанды
Опубликовано:
Лондондық "Арсеналдың" бұрынғы капитаны Лоран Косьельни 9 жылдан кейін басқа клубқа ауысты. Қорғаушы жаңа маусымнан бастап франциялық "Бордо" клубында өнер көрсетеді деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, 33 жастағы орталық қорғаушы 5 млн еуроға сатылған.
Футболшының жаңа клубпен неше жылға келісім шартқа отырғаны хабарланған жоқ.
11 шілде күні Косьельни "Арсеналмен" бірге АҚШ-та өтетін маусымаралық дайындық турниріне баруда бас тартқан болатын.
Кейбір деректер бойынша, қорғаушы лондондық клубтың басшылығына жаңа шарт ұсынбағаны үшін ренжіді.
Сол себепті футболшы басқа клубқа ауысуды ойластырған деген ақпарат та тарады.
Айта кетейік, Косьельни 2018/19 маусымда "Арсенал" сапында 29 ойын өткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1809592-londondyk-arsenal-kapitany-bordo-ojynsysy-atandy/