Еуропа лигасы: "Астана" клубы қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата жеңді (видео)
Опубликовано:
Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында елордалық "Астана" мальталық "Валетта" клубын 5:1 есебімен ұтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды ойын Нұр-Сұлтандағы "Астана-арена" стадионында өтті.
Елордалық клуб Мальтаның чемпиондары "Валеттаны" қабылдады.
Алғашқы есеп ойынның 8 минутында ашылды.
Гол авторы - "Астананың" жазғы трансферде сапына қосқан исландиялық жартылай қорғаушысы Сигурьонссон.
Кейін Томасов, Логвиненко мергендігімен көзге түсіп, бірінші тайм 3:0 есебімен елордалық команданың жеңісімен аяқталды.
Ойынның екінші жартысында Сигурьонссон екінші голдың авторы атанды.
Есеп 4:0 болып тұрғанда қонақтар сапынан Фонтанелла көзге түсіп, "Валетта" клубына үміт отын сыйлағандай болды.
Алайда елордалық команданың шабуылшысы Янга 80 минутта есепті 5:1 жеткізіп, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша "Астана" клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне бір табан жақындады.
Қарымта кездесу 15 тамыз күні Мальтада өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1810075-europa-ligasy-astana-kluby-karsylastaryn-51-esebimen-ojsyrata-zedi-video/