Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи жағдай: УЕФА Суперкубогі үшін матчта алғаш рет әйел адамдар төрешілік етті (фото)

Опубликовано:

Күні кеше футболда тарихи жағдай орын алды. УЕФА Суперкубогі үшін матчта кездескен "Ливерпуль" мен "Челси" командаларының ойында әйелдер төрешілік етті деп жазады sport-express.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Gettyimages.ru/ Michael Regan
Фото: Gettyimages.ru/ Michael Regan: Twitter

Әйел төрешілер мұндай дәрежедегі матчта алғаш рет төрешілік етті. Футбол әлеміндегі көптеген білікті мамандардың айтуынша, нәзік жандылар өз жұмысын жақсы атқарып шыққан.

Ойын барысында әдетте ашуға булыққанда төрешілерді ұруға дайын тұратын футболшылар бұл жолы нәзік жандылардан ұялғандай көрінді. Себебі көп жағдайда олардың эмоцияға берілмегені байқалды.

Тек кездесу соңында "Челсидің" кей ойыншылары Фраппар есімді төреші аруға дауыс көтерді. Алайда, бұндай жағдай жоғары дәрежедегі ойын кезінде орын алып жатады.

Фото: Gettyimages.ru/ Michael Regan
Фото: Gettyimages.ru/ Michael Regan: Twitter

Фото: Gettyimages.ru/ Michael Regan
Фото: Gettyimages.ru/ Michael Regan: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1811149-tarihi-zagdaj-uefa-superkubogi-sin-matcta-algas-ret-jel-adamdar-tresilik-etti-foto/

pixel