Иранда футболшының жұбайы күйеуінің ойынын терезеден қарауға мәжбүр болған (фото)
Опубликовано:
Ирандық "Голо Гохар Сиржан" клубында доп тебетін голландиялық футболшы Кевин Янсеннің жары күйеуінің ойынын стадион трибунасынан көре алмаған. Бұған жергілікті заң талабы себеп болған деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Журналист Пежман Рахбардың мәліметінше, келіншек стадионның вип жағына келіп отырған.
Алайда үзіліс кезінде жанкүйерлер оның кетуін талап етіпті.
Футболшының жұбайы ойынның екінші жартысын кеңсенің терезесі арқылы көруге мәжбүр болған.
Айта кетейік, "Гол Гохар" мен "Сайпа" арасындағы тартысты ойында есеп ашылмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1814748-iranda-futbolsyny-zbajy-kjeuini-ojynyn-terezeden-karauga-mzbr-bolgan-foto/