Шымкенттің қыздары футболдан Белгия командасын жеңіп кетті
Опубликовано:
Бүгін әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы 1/16 кезеңінің жауапты кездесулері аясында шымкенттік "БИИК-Қазғұрт" футбол клубы Белгияның "Андерлехт" командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Матчтың 27-ші минутында "БИИК-Қазғұрт" қорғаушысы Кеннеди Роуз есеп ашты. Ал 85-ші минутта 11 метрлік айып добын сәтті орындаған Алина Литвиненко есепті еселеді.
Осылайша, отандық қыздар футбол командасы әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық кезеңіне өтті.
Айта кетейік, Белгияда өткен бірінші кездесуде шымкенттік футбол командасының қыздары азулы қарсыласымен тең ойын көрсетіп, матч 1:1 есебімен аяқталған болатын.
Футболдан Қазақстанның әйелдер лигасында "БИИК-Қазғұрт" 16 рет чемпион атанып, турнирде рекорд орнатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1818781-symkentti-kyzdary-futboldan-belgia-komandasynan-basym-tsti/