Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Ахметов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал футболшы Елдос Ахметов ресми түрде бойдақтар тізімінен шықты. "Қайрат" клубының ойыншысы отбасын құрып, кұні кеше үйлену тойын дүркіретіп өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдос Ахметовтың таңдауы Ләйлә деген қызға түскен. Қазақстандық футболда өз орны бар аяқдопшының үйлену тойы туған қаласы Таразда өткен.

Жас жұбайлардың қуанышында отандық футбол жұлдыздары ғана емес, шоу-бизнес өкілдері де өте көп болды.Отбасын құрған Ахметовты арнайы құттықтап келгендер қатарында: Ерке Есмахан, Асхат Садырбай, Бауыржан Исламхан, Ұлан Қонысбаев, Еркебұлан Сейдахмет, Қайрат Түнтеков, Асқар Жүнісбеков және тағы да басқалар болды.

Дүбірлі той тізгінін күйеужігіт танымал әзілкештер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабекке сеніп тапсырған.

Елдос Ахметов осы күнге дейін жеке өмірін барынша құпия ұстап келген жұлдыздар қатарына кіреді. Сол себепті, оның өмірлік жар ретінде таңдаған аруының кім екені белгісіз. Танымал футболшының жүрегін жаулай алған бойжеткен жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Той кезіндегі суреттер мен видео материалдар Instagram желідсіне жарияланған.

Айта кетейік, Елдос Ахметов "Қайрат" футбол клубында өнер көрсетеді. Ол командасындағы аса маңызды ойыншылардың бірі болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1828712-eldos-ahmetov-sayrak-kterdi-foto-video/

pixel