Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қазақ күресінен "Әлем Барысы" әлем чемпионаты өтеді

Опубликовано:

2 желтоқсан күні Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінің абсолютті "Әлем Барысы" әлем чемпионаты өтеді.

Алматыда "Әлем Барысы" әлем чемпионаты өтеді
Фото: Рухани жаңғыру: UGC

Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады. "Әлем Барысына" АҚШ, Австралия, Әзірбайжан, Бразилия, Греция, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары қатысады.

Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.

"Әлем Барысы" чемпионаты 2 желтоқсан күні 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімінен басталмақ.

Шара аясында көрермендерге спорттық сайыстармен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

"Әлем Барысы" чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңгеге ие болады. Ал үшінші орын иегері 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

"Жеңіске деген жігері үшін" атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады. Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылуда. Бағасы 500 теңге мен 2000 теңге аралығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1829938-almatyda-lem-barysy-kazak-kresinen-lem-cempionaty-tedi/

pixel