Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 жастағы қазақстандық бала Криштиану Роналдумен футбол ойнады

Опубликовано:

Өмірге екі аяқсыз келген қазақстандық 11 жастағы Әли Тұрғанбеков әлемдегі үздік футболшының бірі Криштиану Роналдумен кездесіп, бірге доп ойнады. Отандасымыз Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысынан сыйлық алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / ali_amir_happy
Фото: Instagram / ali_amir_happy: UGC

Қазақстандық "Ник Вуйчич" атақты футболшымен кездескені туралы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Ол Роналдумен дон ойнаған сәтінінің видеосын жариялады.

11 жастағы отандасымыз "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысына қазақстандық шоколад өнімдерін ұсынса, өз кезегінде футболшы да Әлиге қолы қойылған допты сыйлады.

Ерекше кездесу туралы Криштиану Роналду да әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

"Әли, сізбен кездескеніме қуаныштымын. Шынайы шабыт сыйладыңыз", - деді ол.

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасы шабуылшысының Instagram-дағы жазбасы 24 миллион қаралым жинады.

Видеоға жеті миллиондай футболшының оқырманы "лүпіл" басқан.

Жазбаға пікір білдірушілердің көбісі Роналдудың қарапайымдылығын сөз еткен.

Айта кетейік, Әлидің екі аяғы жоқ. Соған қарамастан ол футболды жақсы көреді. Бұған дейін отандасымыз Лионель Месси, Неймар, Киллиан Мбаппе және Мохамед Салах сияқты футбол жұлдыздарымен кездескен болатын.

Сондай-ақ, Әли жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен Алматы қаласында доп ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1834130-11-zastagy-kazakstandyk-bala-kristianu-ronaldumen-futbol-ojnady/

pixel