Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси екінші орында: Жылдың ең көп гол соққан футболшысы анықталды

Опубликовано:

Польша құрамасы мен мюнхендік "Бавария" клубының шабуылшысы Роберт Левандовский 2019 жылдың ең көп гол соққан футболшысы атанды. Шабуылшы әлемге әйгілі Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды артта қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: fcbayern.com
Фото: fcbayern.com: Instagram

Басылым мәліметінше, Роберт Левандовский осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Польша құрамасы мен "Бавария" сапында 58 матч өткізіп, 54 рет қақпашылардан айласын асырған.

Екінші орынға "Барселона" мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ие болды. "Алтын доп" иегері 58 ойында 50 рет қарсыластарының қақпасын дәл көздеген.

Аргентиналық сұрмергеннің екінші орын алуына Америка кубогындағы төрт матчтық дисквалификация кері әсер етті.

Үштікті Килиан Мбаппе түйіндеді. Жас француз шабуылшысы 49 ойында 44 гол соққан.

Ал Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду үздік бестікке кіре алмады.

Ол 39 голымен алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Криштиану Роналду кеше қазақстандық "Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбековпен кездесті.

Әйгілі шабуылшы 11 жастағы қазақ баласымен көрісіп, онымен футбол ойнаған. Әлимен Криштианудың ұлы да танысқан.

Отандасымыз португалиялық жұлдызға қазақстандық шоколад сыйласа, Роналду оған қолтаңбасы қойылған допты тарту еткен. Танымал аяқдопшы Әлимен кездесіп, ерекше шабыт алғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1834215-messi-ekinsi-orynda-zyldy-e-kp-gol-sokkan-futbolsysy-anyktaldy/

pixel