Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыға ұшып кетті": Исламхан туралы тың ақпарат пайда болды

Опубликовано:

25 қаңтар күні Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан санкт-петербургтік "Зенит" сапында екінші жолдастық кездесуін өткізді. Алдын-ала мәлімет бойынша, осы ойыннан кейін футболшы Алматыға ұшып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zenit_spb
Фото: Instagram/zenit_spb: Instagram

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен "Ред Бул Зальцбург" клубына қарсы ойында Исламхан негізгі құрамда алаңға шыққан.

Футболшыға өз мүмкіншілігін толық көрсету үшін 61 минут уақыт берілген. Кейін "Зенит" бапкері Қазақстан құрамасының капитанын басқа ойыншымен алмастырған.

Сергей Семактың шәкірттері "Ред Бул Зальцбург" кездесуде қарсыластарына 3:6 есебімен есе жіберген.

Матч нәтижесін қорытындылаған ресейлік БАҚ-тың жазуынша, Исламханның деңгейі Ресейдің қазіргі чемпионына сай емес.

Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.

Сонымен қатар белгілі ресейлік спорт журналисті және комментатор Геннадий Орлов Sports.kz басылымына Исламхан туралы тың ақпаратпен бөліскен.

"Қазіргі уақытта менің білуімше, ол Алматыға ұшып кетті. Бірақ оның келісі оқу-жаттығу жиынына ала ма, жоқ па білмеймін", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1837980-almatyga-syp-ketti-islamhan-turaly-ty-akparat-pajda-boldy/

pixel