Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси өз командасындағы қақпашымен төбелесіп қалды

Опубликовано:

"Барселона" капитаны Лионель Месси командасында жанжал шығарып жатыр. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, аяқдопшы клубтағы жағдайға риза емес. Күні кеше өткен жаттығу кезінде жұлдызды футболшы өз әріптесі, қақпашы Тер Штегенмен төбелесіп қалған. Спортшы каталониялық команда президентінің кетуін қалайды деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Жақында Месси "Барселонаның" спорттық директорына жауап беріп, өз наразылығын білдірген. Эрик Абидаль ойыншылары команданың бұрынғы бапкері Эрнесто Вальвердені әдейі шығарып жібергісі келгенін айтқан болатын. El Chiringuito TV ақпаратынша, Лео басшылықпен түпкілікті ұрысып қалған. Аргентиналық жұлдыз клуб президенті Хосеп Бартомеудің отсавкаға кеткенін қалайды. Оған қоса, аяқдопшы қазіргі жаттықтырушы Кико Сетьеннің орнына команданы Хави Эрнандес дайындағанын жөн санайды.

Ұжым ішінде де жағдай ушығып кеткен. "Валенсиядан" болған ұтылыстан кейін кезекті жаттығу кезінде каталониялық клуб ойыншылары арасында жанжал орын алды. El Pais мәлімдеуінше, бұл жолы Месси мен команда қақпашысы Марк-Андре Тер Штеген төбелесіп қалған. Футбошылар өзара голды бөлісе алмай, ұстасып қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Роналду әлемдегі ең көп гол соққан үшінші футболшы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1840005-messi-z-komandasyndagy-kakpasymen-tbelesip-kaldy/

pixel