Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"МЮ" басшылығы Қытайдан келген ойыншыны құрамнан бөлек жаттықтыруда (фото)

Опубликовано:

"Манчестер Юнайтед" қытайлық клубта доп тепкен жаңа ойыншысы Одиона Игалоны командамен жаттығуға қатыстырмауда. Бұған ұжымның коронавирустан сақтануы себеп деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ighalojude
Фото: Instagram/ighalojude: Instagram

30 жастағы нигериялық Футболшы "Манчестер Юнайтед" сапына қысқы ауысым кезінде, Қытай чемпионатында өнер көрсететін "Шанхай Шеньхуа" командасынан келген.

Клуб басшылығы Одиона Игалоны Ухань қаласында болмағанына қарамастан, 14 күнге дейін ұжымнан оқшау ұстау туралы шешім шығарған.

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уле Гуннар Сульшердің айтуынша, футболшы қазіргі уақытта жеке жаттықтырушымен "карантин" мерзімі біткенше дайындалады.

Одиона Игалоның одан кейін құрамға қосылатыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Уфада ақ халаттылардың коронавирусқа тексерілуге келген азаматтан қашып кеткенін жазған едік.

Осыған ұқсас жағдай Минск қаласында да болды. Онда Нұрсұлтан есімді жас жігітті жергілікті таксист Қытай азаматы деп ойлап, көлігіне отырғызбай қойған.

Бұған көлік жүргізушісінің коронавирустан қорқуы себеп болса керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1840690-koronavirustan-korykkan-mu-bassylygy-kytajdan-kelgen-ojynsyny-kramnan-blek-stauda/

pixel