Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты қандай футбол жұлдыздары жұқтырғанын білесіз бе

Опубликовано:

Бүгінде коронавирус инфекциясынан әлем бойынша 260 мыңнан астам адам жұқтырды. Олардың арасында жанкүйерлердің көзайымына айналған атақты футболшылар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Осыған дейін туриндік "Ювентус" клубында доп тебетін Даниель Ругани мен Блюз Матюдидің қауіпті індетті жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Олардың қатарына қос футболшының әріптесі әрі Аргентина құрамасының шабуылшысы Дибала да қосылды.

Пауло Instagram желісіндегі парақшасында коронавирус инфекциясына шалдыққанын растап, демеу болған барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

"Барлығыңа сәлем. Қызым Ориана екеуміз коронавирусқа тапсырған анализдің қорытындысын алдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Бақытымызға орай, бізде барлығы жақсы. Қолдауларыңызға үлкен алғыс" , - деді футболшы.

Cонымен қатар "Милан" клубының аты аңызға айналған ойыншысы Паоло Мальдини мен оның ұлы Даниэль де қауіпті дертті жұқтырған. Бұл ақпаратты италиялық клуб ресми сайтында растады.

14 наурыз күні лондондық "Челси" командасының 19 жастағы шабуылшысы Каллум Хадсон Одоидан коронавирус инфекциясы анықталды.

Футболшы алаңға жақында оралатынын, қазіргі уақытта тиісті ем алып жатқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Лестер" клубының бас бапкері Брендан Роджерс 12 наурыз күні команданың үш футболшысы қауіпті дертке шалдыққанын мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясы анықталған футболшының бірі - Маруан Феллайни. "Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысының індетті жұқтырғаны 21 наурызда белгілі болды.

Германия чемпионатында өнер көрсететін "Айнтрахт" клубының екі ойыншысы қауіпті дертке шалдыққан. Команда басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарған жоқ. Алайда, футболшылардың аты-жөндерін атамады.

"Валенсия" қорғаушысы Эсекиэль Гарай да коронавирус инфециясын жұқтырып, ауруханада емделуде.

Италия чемпионатында өнер көрсететін "Сампдория" клубының футболшысы Маноло Габбьядиниден де қауіпті індет анықталған. Одан әріптестері Омар Колли, Альбин Экдаль, Антонино ла Гумина, Мортен Торсбю, Бартош Берешиньски және Фабио Депаолиге коронавирус жұққаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1846810-koronavirusty-kandaj-futbol-zldyzdary-zktyrganyn-bilesiz-be/

pixel