Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі футболшы Роналдиньо түрмеден босатылды

Опубликовано:

Бразилия ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо түзету мекемесінен үйқамаққа ауыстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Fiscalía Paraguay
Фото: Fiscalía Paraguay: Facebook

Әйгілі бразилиялық футболшыға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді.

Басылымның мәліметінше, 2002 жылғы әлем чемпионы Парагвайдағы тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Ол үшін атақты футболшыға кепіл ретінде 1,6 миллион доллар төлеуге тура келді.

Еске сала кетейік, Роналдиньо Парагвайға жалған құжаттармен кірді деп күдіктелген болатын.

Жергілікті полиция қонақүйдегі Роналдиньо мен ағасы тоқтаған бөлмеге тінту жұмыстарын да жүргізді.

Ол Парагвайға балаларға арналған тегін денсаулық сақтау бағдарламасын ұсынуға келген.

Ағайындылардың қасында жүрген тағы бір адам тұтқындалды. Роналдиньо мен ағасының сөзінше, дәл сол азамат өздерін алдаған және жауапқа тартылуы қажет деп хабарлайды ESPN.

Осыған дейін прокуратура міндеттеген айыппұл үшін Бразилияда Роналдиньоның 57 жылжымайтын мүлігі бұғатталған еді. Ол Порту-Алегрида жылжымайтын мүлік құрылысы кезінде экологиялық шығын келтіргені үшін 2,3 млн еуро төлеуі қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1849601-jgili-futbolsy-ronaldino-trmeden-bosatyldy/

pixel