Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 жастағы Неймардың анасы 22 жастағы сүйіктісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

"ПСЖ" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймардың анасы Надин Гонсалвес әлеуметтік желідегі парақшасында жас жігітін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Неймардың Instagram желісіндегі парақшасы
Фото: Неймардың Instagram желісіндегі парақшасы: UGC

Футболшының өкілі UOL Esporte басылымына әйел адамның 22 жастағы киберспортшы Тьяго Рамоспен кездесіп жүргенін айтқан.

Ал Неймардың анасы желідегі парақшасында "жас жігітінің" суретін жариялап, "`Бұл сезімді түсіндіру мүмкін емес", - деген жазба қалдырды.

Eurosport порталының хабарлауынша, 28 жастағы Неймар мен анасының "жаңа махаббаты" арасында достық қарым-қатынас дамыған.

Еске сала кетсек, осыған дейін бразиялықтың ресейлік модельмен кездесіп жүргенін жазған болатынбыз.

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, танымал футболшы ресейлік инстаграм-модель Катерина Сафаровамен жасырын түрде кездесіп келген. 28 жастағы спортшы мен 21 жастағы модель өздерінің қыз-жігіт екенін жасырып, тек дос екендерін көрсетуге тырысады.

Сафарованың парақшасында расымен де футболшымен бірге түскен фотолары бар. Суреттердің астына "махаббат" деп те жазба қалдырған. Ал Неймар жүрек түріндегі смайликпен жауап берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1850389-28-zastagy-nejmardy-anasy-22-zastagy-sjiktisin-krsetti-foto/

pixel