RU

Полиция әйгілі Поль Погбаның Rolls-Royce көлігін тәркіледі (фото)

Ұлыбритания полициясы Манчестер Юнайтед командасының футболшысы Поль Погбаның Rolls-Royce Wraith Black Badge көлігін тәркіледі. Жартылай қорғаушы француз нөмірі бар көлікті жүргізген, алайда, жергілікті заңдарға сәйкес, ол көлігін екі аптаның ішінде Ұлыбританияда тіркеуі керек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Motor.ru-ға сілтеме жасап.

Полиция Манчестер Юнайтед футболшысының Rolls-Royce көлігін тәркіледі
Фото: Eamonn / James Clarke / The Sun: UGC

Британдық баспасөз құралдары Ұлыбританияның тұрғыны ретінде Поль Погба екі аптаның ішінде көлігін қайта тіркеуден өткізу қажет болғанын анықтады.

Енді заңды бұзғаны үшін 27 жастағы футболшыға 150 фунт стерлинг (шамамен 75 мың теңге) айыппұл төлеуге міндеттелмек. Сонымен қатар, Погба француз нөмірі бар көлік жүргізгені үшін өсімақы төлеуі тиіс, әр кешіктірген күн үшін 20 фунт стерлингтен (10 мың теңге) тағы қосылмақ.

Forbes ақпаратына сәйкес, Манчестер Юнайтедпен келісімшарт бойынша жылына 19 миллион фунт стерлинг алатын жартылай қорғаушы үшін бұл айыппұл түкке тұрмайтын сома, бірақ Погбаның айыппұлды төлеуге, құжаттарын ұсынуға және айып тұрағынан көлікті алуға жеті күні бар.

Сондай-ақ, футболшы сәнді темір тұлпарын қайта рәсімдеуге мәжбүр болады.

Айта кетейік, бұған дейін Поль Погба Rolls-Royce Wraith көлігімен тағы бір қызық оқиғаға тап болған.

Ол кезде футболшыны Манчестер Юнайтедтің бұрынғы бас бапкері Жозе Моуриньо сынға алған еді. Португалиялық маманның айтуынша, Поль Погбаның матчтан кейін Манчестерге бүкіл командамен бірге автобуспен бармай, жеке жүргізушімен Rolls-Royce-қа отырып стадионнан кеткені таңғалдырған.

Еске салсақ, бұған дейін футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1861502-policia-jgili-pol-pogbany-rolls-royce-kligin-trkiledi-foto/