Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының күнтізбесі белгіленді

Опубликовано:

2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем біріншілігінің ойын кестесі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: topontravel.com
Фото: topontravel.com: Facebook

Дүбірлі дода 2022 жылғы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катардың жеті қаласында өтеді.

Топтық кезеңнің матчтары 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығына белгіленген. 3-6 желтоқсанда 1/8 финалдық кездесулер өтеді. Ширек финал ойындарын 9-10 желтоқсанда, жартылай финалды 13-14 желтоқсанда өткізу жоспарланған.

Үшінші орын сарапқа салынатын матч 17 желтоқсанға, ал әлем кубогының финалы 18 желтоқсанға белгіленген.

Сонымен қатар, ҚазАқпараттың мәліметінше, топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қараша күні Әл-Хор қаласындағы "Әл-Байт" стадионында өткізіледі. Әлем біріншілігінің алғашқы матчында Катар мен А тобында сынға түсетін ұлттық құрама кездеседі

Күніне төрт ойын өткізу жоспарланған. Матчтар елорда уақытымен 16.00, 19.00, 22.00, 01.00-де басталады. Ал үшінші тур мен плей-офф ойындары елорда уақытымен 21.00, 01.00-де өткізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны мен жаңа форматы белгіленгенін хабарлағанбыз. Аталған еурокубок ойындары пандемияға байланысты тоқтатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1865154-futboldan-2022-zylgy-lem-cempionatyny-kntizbesi-belgilendi/

pixel