Әйгілі Неймар коронавирус жұқтырып алды
Опубликовано:

"Пари Сен-Жерменнің" бірнеше танымал ойыншысынан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ championat.com cайтына сілтеме жасап.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус тестінің нәтижелері бойынша командада үш футболшыдан COVID-19 анықталған. Олардың барлығы алдағы бірнеше күнде тексеруден өтуін жалғастырады.
L'Equipe басылымының жазуынша, коронавирус жұқтырған үшінші адам - шабуылшы Неймар.
Сонымен қатар инфекция жартылай қорғаушылар Анхель Ди Мария мен Леандро Паредесте де расталған. Олардан өткен жолы алынған сынама күмәнді болған еді.
Үш ойыншы да жақында Ибицадағы демалыстан оралған.
Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 1-Лиганың соңғы ойыны мерзімінен бұрын аяқталып, ПСЖ Франция чемпионы атанған болатын.
Ал чемпиондар лигасының финалында "ПСЖ" "Баварияға" есе жіберді. Тартысты кездесу Лиссабон қаласының "Эштадиу да Луш" стадионында өткен еді. Осылайша париждік клубты жеңген "Бавария" чемпиондар лигасының алтыншы рет жеңімпазы атанды.
Дегенме "ПСЖ"-ның жеңілісі Парижде жаппай тәртіпсіздіктің өрбуіне себеп болды.
Бірқатар ресейлік және шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, ПСЖ-нің көптеген жанкүйерлері өздерінің сүйікті клубының жеңілісі туралы хабарды агрессивті қабылдаған.
Олар айналадағы көліктерді "талқандап", тәртіп сақшыларына от лақтырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1872428-jgili-nejmar-koronavirus-zktyryp-aldy/