Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Беларусьқа есе жіберді

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ұлттар лигасының екінші турындағы матчта Қазақстан құрамасы Алматыда Беларусь құрамасымен ойнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар алғашқы минуттан бастап шабуылдады, Абат Айымбетов жақсы сәттер ұйымдастыра білді. Оныншы минуттан кейін қарсыластар ойынның тізгінін өз қолынан алып, алға ұмтыла бастады.

Макс Эбонг алыстан қауіпті соққы жасады, Стас Покатилов қауіптің бетін қайтара алды, бірақ жалпы алғанда командалардың 100% мүмкіндігі болмады. Үзілістен кейін қонақтар тағы да алға ұмтылды. Ойынның 53-минутында оң жақтан әуелете асырылған пасты Максим Бордачев баспен қақпаға бағыттап, соққы жасады. Есеп қонақтардың пайдасына 0:1 болды.

Алаң иелері алға ұмтылды, Абзал Бейсебековтің алыстан жасаған соққысын, Александр Гутор тойтарып, бірақ келесі сәтте Ян Вороговскийдің соққысынан кейін ол допты қолынан түсіріп, Абат Айымбетов болса, допты қақпаға қарай теуіп, есепті теңестірді. Содан командалар бірнеше қауіпті шабуылдармен алмасты, ойын тең есеппен аяқталатынға ұқсаған, бірақ Гафуржан Сүйімбаев Покатиловтың алаңына қарай ауттан пас беріп, допты аяққа салып алған Виталий Лисакович соққы жасады. Есеп қонақтардың пайдасына 1:2 болып аяқталды.

Қазақстан құрамасы турнирдегі келесі кездесуін 10 қазанда өз алаңында Албанияға қарсы өткізеді.

Бұған дейін ұлттық құрама Ұлттар лигасының алғашқы турында Литвамен сырт алаңда кездесіп, жеңіспен оралған еді.

Еске салсақ, С лигасының 4-тобында Қазақстан, Албания, Беларусь, Литва өнер көрсетуде. Қазіргі уақытта ел құрамасы жалпы 3 гол соғып, төрттіктің көш басында тұр.

Айта кету керек, Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду оң саусағына инфекция түсуі себепті жаттығуға қатыспай жүр. Ол Швеция - Португалия матчына қатыспауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1873087-lttar-ligasy-kazakstan-kramasy-belaruska-ese-ziberdi/