Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 жыл жаттықтым": Сал ауруымен ауыратын отандасымыз каратэден қара белбеу иегері атанды

Опубликовано:

Қара белбеу1
Айдос Медьяновқа қара белбеуді табыстау сәті. Кадр: Астана арнасы

1-ші топ мүгедегі Айдос Медьянов каратэнің қара белбеуіне ие болды. Ол алға қойған мақсатына жету үшін 8 жыл бойы талмай жаттықан деп жазады KAZ.NUR.KZ Астана арнасынаа сілтеме жасап.

32 жастағы Айдос туғаннан сал аурымен ауырады. Оның бала күнгі арманы каратэ спортының шебері болу. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, арманға жету үшін аянып қалмаған.

"Мақсат қойдым қара белбеуге жетуге, осы жолда 8 жыл жаттықтым", - дейді Айдос Медьянов.

Спортшыны бастапқыда ешқандай жаттықырушы қабылдамапты. Қазіргі жаттықтурышысын интернеттан тапқан екен.

Рүстем Сұлтанбековтің туа бітті сал ауруына шалдыққан спортшымен жұмыс істегенін көріп, қолқа салған. Ұстазы денсаулығына кері әсері болуы мүмкін екендігін ескерткен. Бірақ Айдос алған бетінен қайтпаған. Дегенмен жаттығу жұмыстары оңайға соқпапты.

"Әрине, айтарлықтай қиын болды. Өйткені ол үшін алаңдадым. Бірақ Айдостың жанкештілігі мені таңқалдырды. Аптасына үш рет бір жарым сағат жаттығады. Спортзалға бара алмаған кезде де, жаттығуды үйде жалғастырды. Нәтижесінде қара белбеу емтиханына толығымен дайын болды, денесімен де, рухымен де. Мен адамдарды сау және дені сау емес деп бөлмеймін", - дейді Рүстем Сұлтанбеков.

Айдос пен жаттықтырушысының еңбегі еш кетпей, бүгінде ол қара белбеу иегері атанған.

Каратэнің қара белбеуі1
Айдос Медьянов ортада. Кадр: Астана арнасы

Айдостың айтуынша, алға қойған мақсатқа жету үшін өзіңді кем деп санамай, кездескен қиындықтарға қарамастан тырысу керек. Егер адам тырыспаса, ештеңе шықпайды.

Сонымен қатар Айдос мұнымен тоқтап қалмайтынын айтады. Жаттығуларын жалғастыра бермек, болашақта өзі сияқты жандарды каратэге даярлауды мақсат етіп отыр. Бұдан өзге жетістігі де аз емес. 4 тілді жетік меңгерген спортшы, заңгер мамандығы бойынша білім алып жүр.

А. Данияр

Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз Дәурен Ермеков Хабиб Нурмагомедовтың әкесін еске алуға арналған турнирде ресейлік спортшыға есе жібергенін, сондай-ақ алматылық "Қайраттың" Еуропа лигасындағы келесі қарсыласы анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1873702-8-zyl-zattyktym-sal-auruymen-auyratyn-otandasymyz-karateden-kara-belbeu-iegeri-atandy/

pixel