Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

Опубликовано:

Яцек
Фото: instagram.com jacek goralski

КПЛ-дың ең қымбат футболшыларының рейтингі өзгерді. "Кайрат" ойыншысы Яцек Гуральский жаңа тізімнің көшін бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sports.kz сайтының мәліметінше, Transfermarkt неміс порталы ішкі премьер-лига ойыншыларының трансферлік бағасын жаңартты.

Бұған дейін ең қымбат ойыншы астаналық Марин Томасов болатын. Қазір ол жаңартылған рейтингтің 3-ші сатысында тұр.

Яцек Гуральский жаңа көшбасшы атанды. Поляк футболшысы алматылық "Қайратта" өнер көрсетеді. Жартылай қорғаушының құны 2,5 миллион еуроны құрайды. Екінші орынды алматылық команданың ойыншысы - Адеринсола Эсеола иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшылар тізімінде көш бастады.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдік БАҚ өкілдері "Барселона" капитаны Лионель Мессидің ағылшынның "Манчестер Сити" клубына ауысуы мүмкін екенін жарыса жазған еді.

Айта кету керек, "Барселона" Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавариядан" ірі есеппен жеңілгеннен кейін испандық клубтың бас бапкері Кике Сетьен қызметінен босатылды.

Еске кетсе кетсек, бұған дейін Қазақстан футбол құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін командамен үш жылға келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1875292-kazakstandagy-e-kymbat-futbolsyny-esimi-belgili-boldy/

pixel