Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Фото: fightsaga.com

Қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, IBF/IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы GGG келесі жекпе-жегінде міндетті үміткер, Польша боксшысы Камил Шереметамен жұдырықтасады.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер кездесудің 21 қарашада АҚШ-та болатынын хабардар етті.

Оның әріптесі Лэнс Лэнс Пагмайр болса, шаршы алаңдағы теке тірестің Калифорния штатындағы Карсонда, Dignity Health Sports Park кешенінде өтетіні болжанып отырғанын нақтылады.

Отандық боксшымыз осыған дейін бұл аренада өнер көрсеткен болатын.

Қазіргі уақытта Генадий Головкин штаттың Биг Беар деген жерінде дайындық жүргізуде, ал Шеремета өз отанында жаттығып жатыр.

Еске сала кетсек, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енгенін хабарладық.

Marca басылымы XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының тізімін жасап, жария етті. Отандасымыз Геннадий Головкинге аталмыш рейтингіде 77 орын бұйырыпты.

Қазақстандық боксшы тізімде футболшы Лука Модрич, теннисші Стэн Вавринка, футзалшы Фалькао және боксшы Владимир Кличконы артта қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1875964-golovkinni-kelesi-zekpe-zegini-kasan-tetini-belgili-boldy/

pixel