Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Луис Суарес "Атлетико Мадрид" командасына ауысты

Опубликовано:

Суарес 13
Фото: Getty Images

"Барселона" футбол клубы уругвайлық шабуылшы Луис Суарестің "Атлетико Мадрид" командасына ауысқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы каталониялықтардың ресми сайтында мәлім болды. Мадридтіктер 33 жастағы уругвайлық үшін бонустар түрінде 6 млн еуро төлейді.

24 қыркүйекте футболшымен қоштасу рәсімі және баспасөз мәслихаты өтеді.

"Барселона" футбол клубы Луис Суареске өз ісіне адал болғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді және келешекте оған бар жақсылықты тілейді", – делінген каталониялықтардың баспасөз хабарламасында.

Өткен маусымда уругвайлық "Барселона" сапында барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 21 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанған. Футболшымен келісімшарт 2021 жылдың жазына дейін есептелген еді.

Ол 2007 жылдан бері Уругвай ұлттық құрамасына жүйелі түрде шақыртылады.

Айта кетейік, Луис Суарес 2014 жылдан бері испаниялық "Барселона" сапында өнер көрсетіп келген. Сол уақыттан бері көптеген трофейлерді, соның ішінде 2014/15 маусымда Чемпиондар линасын жеңген.

Еске сала кетсек, Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшылар тізімінде көш бастады.

Сондай-ақ, бұған дейін Қазақстандағы ең қымбат футболшының есімі белгілі болғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1876016-luis-suares-atletiko-madrid-komandasyna-auysty/

pixel