Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы чемпион титулына жекпе-жекте алғаш рет жеңіліп қалды (видео)

Опубликовано:

Арман
Арман Рысбек. Фото: Фото: instagram.com/armanrysbek

27 қыркүйек күні Казаньда кәсіби бокс кеші өтті. Чемпион титулына жекпе-жекте қазақстандық боксшы Арман Рысбек жеңіліп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жекпе-жек нәтижелерін Sports.kz сайты жария еткен.

Рингте Арман Рысбектің қарсыласы Беларусь елінің боксшысы Михаил Долголевец болды. Екі ел боксшылары супер орташа салмақта IBF Europe нұсқасы бойынша чемпион атағы үшін қолғап түйістірген.

10 раундқа созылады деп жоспарланған жекпе-жек төртінші раундта аяқталып қалды. Арман Рысбек төртінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан. Аталмыш жекпе-жек қазақстандық боксшының мансабындағы алғашқы жеңіліс болған. Ал Беларусь боксшысы үшін үшінші жеңіске айналды.

Қазақстандық боксшының жеңілуіне жарақат алуы себеп болды деп болжануда - соңғы раундтарда Арманның қорғануға да, шабуыл жасауға да мүмкіндігі болмаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпаған Хамитов қарсыласын алғашқы раунда жеңгенін жазған едік. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысқан.

Одан бөлек, орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне байланысты мәліметтер пайда болғанын жазған болатынбыз. 27 жастағы қазақстандық 9 қазанда Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші шеңберінде рингке шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1876508-kazakstandyk-bokssy-cempion-titulyna-zekpe-zekte-algas-ret-zeilip-kaldy/

pixel