Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

Опубликовано:

Еуропа лигасының топтық кезеңінің матчтары тікелей эфирде көрсетіледі
Көрнекі фото: eurosport.ru

Qazaqstan мен QAZSPORT телеарналары 20-22 қазан аралығында УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасында 8 топқа бөлінген 32 клуб өнер көрсетеді. Еуропа лигасында 12 топта 48 команда ойнайды.

Qazaqstan телеарнасында көрсетілетін Чемпиондар лигасы ойындарының тікелей трансляциясы:

21 қазан – ПСЖ (Франция) – "Манчестер Юнайтед" (Англия). Уақыты: 00:50

22 қазан – "Бавария" (Германия) – "Атлетико" (Испания). Уақыты: 00:50

QAZSPORT телеарнасында көрсетілетін Чемпионда лигасы ойындарының тікелей трансляциясы:

20 қазан – "Динамо" (Украина) – "Ювентус" (Италия). Уақыты: 22:45

21 қазан – "Челси" (Англия) – "Севилья" (Испания). Уақыты: 00:55

21 қазан – "Реал Мадрид" (Испания) – "Шахтер" (Украина). Уақыты: 22:45

22 қазан – "Манчестер Сити" (Англия) – "Порту" (Португалия). Уақыты: 00:55

Qazaqstan телеарнасында көрсетілетін Еуропа лигасы ойынының тікелей трансляциясы:

23 қазан – "Селтик" (Шотландия) – "Милан" (Италия). Уақыты: 00:50

QAZSPORT телеарнасында көрсетілетін Еуропа лигасы ойындарының тікелей трансляциясы:

22 қазан – "Рапид" (Австрия) – "Арсенал" (Англия). Уақыты: 22:45

23 қазан – "Вольфсбергер" (Австрия) – ЦСКА (Ресей). Уақыты: 00:55

Еске салсақ, италиялық "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудан коронавирус анықталды.

Оған қоса, қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель өзінің жаңа командасы – саударабиялық "Аль-Фейсали" сапында алғашқы ресми мачтын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1880422-cempiondar-ligasy-toptyk-kezeini-matctary-tikelej-efirde-krsetiledi/

pixel