Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мария Агапова аралас жекпе-жектен әйелдер арасында ТМД-ның үздік бестігіне енді

Опубликовано:

Мария Агапова MMA
Мария Агапова. Фото: fightnews

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова ТМД елдерінің ішінде ММА-дағы үздік бестіктің қатарына енді деп хабарлайды Zakon.kz.

ТурСтат порталы онлайн-сауалнама нәтижесінде ТМД елдерінің ішінде аралас жекпе-жектен әйелдер арасында ең үздік спортшылар тізімін ұсынды.

Оған сәйкес, ТМД елдерінің ішінде аралас жекпе-жектен ең үздік он әйелдің қатарына Валентина Шевченко (Қырғызстан), Лиана Джоджуа (Грузия), Анастасия Янькова (Ресей), Мария Агапова (Қазақстан), Яна Куницкая (Ресей), Александра Албу (Молдова), Антонина Шевченко (Қырғызстан), Лилия Казак (Беларусь), Лилия Шакирова (Өзбекстан) және Ирина Алексеева (Ресей) енген.

Белгілі болғандай, онлайн-сауалнама нәтижесінде Валентина Шевченко – 25%, Лиана Джоджуа – 18%, Анастасия Янькова – 13%, Мария Агапова – 9%, Яна Куницкая – 8%, Александра Албу – 7%, Антонина Шевченко – 6%, Лилия Казак – 6%, Лилия Шакирова – 4% және Ирина Алексеева 3% дауыс жинаған.

Айта кетейік, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова биыл UFC-мен келісімшарт жасасты. Ол аталған промоушенде бір рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліске ұшырады.

Еске салсақ, жақында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте аргентиналық қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері орта салмақтағы WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1881062-kazakstandyk-aralas-zekpe-zek-seberi-jelder-arasynda-tmd-ny-zdik-bestigine-endi/

pixel