Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегор Хабибтің спорттық мансабын аяқтауына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Конор Макгрегор 132
Конор Макгрегор. Фото: Getty Images

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Хабиб Нурмагамедовтың спорттық мансабын аяқтауы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нурмагамедовтың бұрынғы қарсыласы оның UFC-дегі соңғы жекпе-жегіне баға берді.

"Хабиб, керемет жекпе-жек. Сенің әкеңе құрмет білдіремін, сондай-ақ саған және отбасыңа тағы да көңіл айтамын. Құрметпен, Макгрегорлер", – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Макгрегор мен Нурмагомедов 2 жыл бұрын октагонда кездескен. Ирландиялық жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді қайтаруға тырысқан, алайда жекпе-жектің 4-ші раундында жеңіліс тапты.

Сондай-ақ Хабиб Нурмагамедовты танымал боксшы Мэнни Пакьяо құттықтады.

"Хабибті үлкен жеңісімен және керемет спорттық мансабымен құттықтаймын! Сенің жекпе-жектеріңді тамашалау үлкен мәртебе болды. Саған құрмет білдіремін", – деп жазды филиппиндік боксшы.

Еске сала кетейік, Әбу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңген болатын.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді. Бірде-бір рет жеңілмеген Хабиб Нурмагамедов осымен 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

Аталған жекпе-жектен кейін Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеді.

Чемпион анасына сөз бергенін айтып, бұл өзінің соңғы жекпе-жегі болғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1881342-konor-makgregor-habibti-sporttyk-mansabyn-aaktauyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel