Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі үшін қанша гонорар алған

Опубликовано:

Рахмонов қанша гонорар алды
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша ақша алғаны белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құраған. Ол октагонға шығу үшін 10 000 доллар алған, дәл сондай соманы жеңіс үшін иеленсе, 3 500 доллар UFC промоутерлік бонусы ретінде берілген. Қазақстандық файтерге тағы 14 000 долларды қарсыласы "сыйға тартты": салмақтарының сәтсіз болуына байланысты Оливейра Рахмоновқа 14 000 доллар беруге мәжбүр болды.

Бразилиялық спортшыға келетін болсақ, оның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Оливейраның кепілдендірілген ақысы 70 000 доллар еді, алайда жоғарыда айтылғандай, 14 000 Ол Рахмоновқа беруге мәжбүр болды. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізген еді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны үш раундқа жоспарланған кездесудің бірінші раундында жеңді.

Үзіліске 20 секунд қалғанда Рахмонов қарсыласын қылқындыру әдісімен ұтты. Сондай-ақ, Рахмонов жекпе-жектен алған әсерімен бөлісті.

"Оның жылдам екенін білдім, бірақ ашылып қалған кездері де болды. Мен де кейде соққы өткізіп аламын. Бұл спортта кез келген сәтте соққы өткізіп алуға болады. Ол бір-екі рет маған тигізді, міне, сол көзіме. Бірақ соңына дейін төбелесуге оқталдым. Клинчке кіргенде, қарсыласымның шаршап жатқанын сездім. Ол белсенділік танытқысы келген шығар, бірақ олай болмады. Мен жай ғана оның шаршағанын күттім", – деді қазақстандық спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1881381-kazakstandyk-savkat-rahmonov-ufc-degi-debuttik-zekpe-zegi-sin-kansa-gonorar-algan/

pixel