Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC Шавкат Рахмонов қатысқан жекпе-жектің ең әсерлі сәттерін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Алекс Оливейра және Шавкат Рахмонов. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images

Желіде UFC 254 турнирінде өткен жекпе-жектің үздік сәттерін бейнелейтін видео пайда болды. Онда қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың дебюттік жекпе-жегінен де үзінді жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеода Абу-Дабиде өткен турнирдегі кездесулердің ең әсерлі сәттерін байқауға болады. Соққылар, шабуылдар және басқа да есте қалар әдістер.

Видео YouTube-тегі Ultimate Fighting Championship (UFC) ресми арнасында жарияланды.

Үзінділердің бірінде жартылай орта салмақта жұдырықтасқан қазақстандық Шавкат Рахмонов пен бразилиялық Алекс Оливейраның кездесуі көрсетілген.

Баяу қозғалыстағы видео Рахмоновтың барлық сәтті шабуылдарын анық көруге мүмкіндік береді, ал эпизод соңында отандасымызға бірінші раундтың соңында жеңіс әкелген тұншықтыру әдісі көрсетіледі.

Еске салсақ, 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегі ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжи арасында болды.

Ресейлік қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-тегі 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Спортшы алдағы уақытта анасының жанында болуға ниетті екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1881910-ufc-savkat-rahmonov-katyskan-zekpe-zekti-e-serli-stterin-krsetti-video/

pixel