Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC басшысы аралас жекпе-жек тарихындағы ұлы спортшыны атады

Опубликовано:

Дана Уайт пен Хабиб Нурмагомедов
Фото: sport24.ru

UFC басшысы Дана Уайт Fight Night 181 турнирінен кейін өткен баспасөз маслихатында UFC тарихындағы үздік спортшыны атады деп хабарлайды Известия.

"Хабиб рейтингтің көшбасшысы болып табылады... Бірақ мен әрқашанда Джон Джонсты ұлы спортшы деп айтамын. Хабиб жалпы UFC рейтингінде көш бастап тұр, ал Джонс - тарихтағы ұлы спортшы", - дейді ол.

Айта кетейік, Джон Джонс — жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін спортшы. Ұйым тарихында өз салмағындағы ең жасы. Джонс титулды сегіз рет сәтті қорғаған.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні Хабиб Нурмагомедов октагонда америкалық Джастин Гэтжимен кездесті.

Спортсүйер қауымның көптен күткен жекпе-жегі Әбу-Дабидегі "жауынгерлік аралда" Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2-де өтті.

UFC промоушенінде бірде-бір рет жеңілмеген Хабиб Нурмагамедов бұл кездесуде 29- жеңісіне қол жеткізді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді. Осылайша, америкалық Джастин Гэтжи UFC-де үшінші рет жеңіліс тапты.

Бұған дейін Гэтжи 22 мәрте жеңіске жеткен, оның 19-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Хабиб Нурмагомедов өз белбеуін үшінші рет қорғағаннан кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

"Әкем қайтыс болғаннан кейін өткізіп отырған алғашқы және жалғыз жекпе-жегім. UFC-ден қоңырау шалып, Джастинмен кездесуді ұсынғанда үш күн бойы анаммен сөйлестім. Ол әкемсіз октагонға шыққанымды қаламады. Бірақ мен соңғы рет жекпе-жекке шығамын деп уәде бердім. Енді сөзімде тұруға тиіспін. Бұл менің соңғы жекпе-жегім", – деді чемпион.

Көп ұзамай ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Хабиб Нурмагамедовтың спорттық мансабын аяқтауы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1882599-ufc-bassysy-aralas-zekpe-zek-tarihyndagy-e-ly-sportsyny-atady/