Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Еуропа чемпионы командадағы әріптесін ұрып, комаға түсірген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бокстан Ресей ұлттық құрамасының мүшесі Бассир Мирсиябов 2013 жылғы Еуропа чемпионы Никита Ивановпен төбелесіп, салдарынан ауыр халде ауруханада жатыр деп жазады РЕН ТВ.

Басылым мәліметінше, спортшы жасанды комаға жатқызылып, тыныс алу аппаратына қосылған.

Жақын уақытта оны Инза қаласындағы ауруханадан Ульяновскке жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Baza Telegram арнасы Иванов пен Мирсиябов арасындағы төбелес пойызда орын алғанын хабарлаған, салдарынан екіншісі ауыр жарақат алған. Кейбір БАҚ беттерінде екі спортшының да мас болғаны айтылған.

Бұл шулы оқиғаға қатысты Ресей бокс федерациясы пікір білдіріп, рингтен тыс жерде күш қолдануды "ерсі әрекет" деп бағалаған. Сонымен қатар Ивановтың ұлттық құрама мүшесі емес екенін атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Владикавказда еркін күрестен әлем чемпионы Заурбек Сидаковтың үйлену тойы шулы жағдаймен аяқталғанын жазған едік.

Мерекелік кештің ортасында спортшы мен тойда отырған бірнеше қонақтың ұялы телефонына "күтпеген видео" келген. Онда Сидаковтың жарының ерсі әрекеттері бейнеленіпті. Хабарламаны жіберген автор қалыңдықтың бұрын "эскорт" болып жұмыс істегенін айтқан.

Осыдан кейін үйлену той у-шумен жалғасып, ақыры күйеу жігіт сүйіктісін рестораннан қуып шыққан.

Аталған жағдайға қатысты кейінірек басылым беттерінде тың ақпараттар шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1882858-bokstan-europa-cempiony-komandadagy-riptesin-ryp-komaga-tsirgen/

pixel