Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюба интимді видеосынан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне үндеу жолдады

Опубликовано:

Футбол
Фото: Quality Sport Images/Getty Images

Әлеуметтік желіде "Зенит" футбол клубы мен Ресей ұлттық құрамасының футболшысы Артем Дзюбаның интимдік видеосы пайда болды. Кадрдан спортшының "өзін-өзі қанағаттандырумен" айналысқанын байқауға болады.

Life.ru басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқыда даулы видеоны ВКонтакте желісінде "Футбол туралы септаккорд-диалогтар" тобы жария еткен. Одан кейін ролик Twitter-де, сосын Telegram-да кеңінен таралды.

Осы жағдайға қатысты футболшының өзі түсініктеме беріп, бірнеше күн бұрын ұялы телефонын жоғалтқанын мойындады.

Гаджетті қолына түсіргендер спортшының мұрағатына қол сұғуы мүмкін екені де айтылды.

Айта кетейік, аталған видеодан кейін "Зенит" клубының басшылығы Артем Дзюбаны капитандық атағынан айырды. Ал кеше өткен матчта жанкүйерлер де футболшыға деген наразылығын білдірген.

Ал осы жағдайдан соң экс-капитан Instagram желісіндегі парақшасын жауып тастады.

Сонымен қатар, Дзюба оқырмандарының алдында видео үндеу де жасады.

"Мен аздап кінәлімін. Тек өзімді ғана кінәлай аламын. Осындай шақта барлығы менен теріс айналып жатқанда, қолдау көрсеткендерді қатты бағалаймын", - деді ол.

Sputnik радиосы Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің даулы оқиғаға байланысты мәлімдемесін жариялады. Черчесовтың айтуынша, ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Артем Дзюбаны қараша айындағы Түркия, Сербия және Молдовамен болатын ойындарға шақырмау туралы шешім қабылдаған.

Ал Ресей шоу-бизнесінің көптеген жұлдыздары спортшыға қолдау көрсетуде. Әнші Светлана Лобода, тележүргізуші Анфиса Чехова, өнер иелері Айза Долматова, Виктория Боня және атақты жүргізуші Андрей Малахов та ұлттық құраманың экс-капитанын қорғап, желіде жазба қалдырған.

Еске сала кетсек, осыған дейін алматылық "Қайрат" клубы 16 жылдан кейін футболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1883613-artem-dzuba-intimdi-videosynan-kejin-algas-ret-zankjerlerine-ndeu-zoldady/

pixel