RU

Головкиннің Шереметадан кейінгі қарсыласы аталды

Головкин1
Көрнекі фото: instagram.com/gggboxing

EsNews Youtube-арнасының авторы Эли Секбах боксшы Геннадий Головкиннің Камил Шереметадан кейінгі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін болжады деп хабарлайды Sports.kz.

Журналистің сөзінше, қазақстандық спортшы Шереметадан кейін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, бразилиялық Эскива Фалькаомен қолғап түйістіруі ықтимал.

Ол Генадий Головкинді бірнеше мәрте сынап, жекпе-жекке шақырған, алайда Фалькаода кәсіби рингте мақтанарлық ештеңе жоқ, дейді Эли Секбах.

Фалькао кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүргеніне бес жыл болғанына қарамастан, титулдық жекпе-жек өткізбеген.

Осыған дейін белгілі журналист Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі қашан өтетінін айтқан еді.

Оның берген мәліметтеріне сәйкес, кездесу желтоқсан айынының 18 немесе 19-жұлдызында АҚШ-та өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте аргентиналық қарсыласын нокаутқа жібергенін жазған едік.

Одан бөлек, Қанат Исламның АҚШ-та өтетін жекпе-жегі кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 16 қазан күні АҚШ-та рингке шығады деп күтілген. Алайда бұл жекпе-жек оның қарсыласы Хесус Гурроланың құжаттарының дұрыс болмауына байланысты шегерілген.

Белгілі болғандай, ол виза рәсімдей алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1884268-golovkinni-seremetadan-kejingi-karsylasy-ataldy/