Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарасады": Қуат Хамитовтің жанармай бекетінде жұмыс істеп жүргені рас па

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Фото: Instagram/ vestikzsport

Әлеуметтік желіде отандық файтер Қуат Хамитовтің жанармай бекетінде жұмыс істеп жүрген видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптің талқысына түскен бейнежазба vestikzsport Instagram парақшасында пайда болды. Онда арнайы форма киген спортшының жанармай бекетіндегі көліктерге қызмет көрсетіп тұрғанын аңғаруға болады.

Көпшілік спортшының "жаңа жұмысын" әзілге айналдырып, түрлі пікірлер жазып қалдыруда.

"Мұндай форма жарасады екен", "Той алдындағы, жекпе-жек алдындағы салмақ тастау", "Карантин не істетпейді", "Бастысы, кредит алмайды", "Боратты күтіп тұр", "Сабина, Қуатқа не істедің?", "Жарайсың" деді олар.

Ал аралас жекпе-жек шебері өз парақшасында ешқандай видео жариялаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовті қамауға алғанын жазған едік.

ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, азамат Хамитов видео түсіріп, зорлық-зомбылыққа шақырған. Факт еліміздің Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі атақты спортшының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.

"Бұл азамат әлеуметтік желі арқылы азаматтарды заңсыз әрекеттерге үндейтін видео жариялаған. Бұл - тікелей заң бұзушылық. Мұндай әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ішкі істер министрлігі жалған ақпараттарды таратпауға және ресми дереккөзге сенуге шақырады", - деді ол.

Көп ұзамай аралас жекпе-жек шебері жаңа видео жариялап, роликті әзіл үшін түсіргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1884419-zarasady-kuat-hamitovti-zanarmaj-beketinde-zmys-istep-zrgeni-ras-pa-video/

pixel