Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Полтораниннің соты коронавирусқа байланысты келесі жылға қалды

Опубликовано:

Алексей Полторанин
Алексей Полторанин. Фото: sport.gov.kz

16 қарашада шаңғы спортынан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Андрус Веэрпалу допинг дауы бойынша сот алдында жауап беруі керек еді. Алайда коронвирусқа байланысты отырыс белгісіз уақытқа шегерілді. Сондай-ақ бүгін қазақстандық Алексей Полторанинде Австрия сотына келуі тиіс болған. Алайда оның да соты келесі жылға ауыстырылғаны белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz.

"Пандемияға байланысты сот отырысы келесі жылы өтеді", - дейді Инсбрук жер мәселелері сотының вице-президенті Андреас Штуттер.

Айта кетейік, Андрус Веэрпалуға спорттық алаяқтыққа көмектесті деген айып тағылған. 2019 жылдың 22 ақпанында Зеефельдте өткен шаңғы спорты бойынша әлем чемпионаты кезінде қан құю процедурасын жасау үшін ол өзінің қонақ үйдегі нөміріне Алексей Полторанин мен Ансгар Шмидті кіргізгені хабарланды.

Отандасымызға үш маусым бойы (2016/2017, 2017/2018 және 2018/2019) допинг қабылдаған деп айып тағылуда.

Бұған дейін Андрэас Веэрпалуға қатысты сот отырысының кейінге шегерілгені белгілі болған еді. Одан бөлек, Инсбрук прокуратурасы допинг дауының тағы бір фигуранты Карел Таммъярвқа да спорттық алаяқтық жасады деген айып тағып отыр. Әзірге сот отырысы өтетін күн белгіленбеген.

Еске сала кетсек, Австрияда өткен шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілінген еді. Олардың арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин да бар екенін хабарлағанбыз. Допинг дауына ілінген шаңғышы әлем чемпионатынан шеттетілген болатын.

Спортшының сөзінше, ол допингке байланысты бірнеше сараптамадан өткен. Алайда олардың ешқайсысы Полтораниннің қанынан тыйым салынған препаратты таппапты.

Кейінірек, спортшы елді шулатқан жағдайда байлынысты тіл қатып, халықтан кешірім сұрады.

2020 жылдың 2 қаңтарында Алексей Полторанинді үлкен спорттан шеттету туралы ресми шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1884774-aleksej-poltoraninni-soty-koronaviruska-bajlanysty-kelesi-zylga-segerildi/

pixel