RU

Бауыржан Исламхан допинг дауына қатысты пікір білдірді

Бауыржан Исламхан1
Фото: instagram.com/islamkhan_9

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтқожин құрама капитаны Бауыржан Исламханмен допинг дауына қатысты сөйлескенін айтты.

Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазған.

"Мен ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханмен телефон арқылы сөйлестім. Ол клуб дәрігерінің нұсқауларын толықтай орындағанына сендірді. Сондай-ақ Бауыржан кез келген тексеруден және қажетті сараптамалардан өтуге дайын. Қазақстан футбол федерациясы болған жағдайды түсіндіру туралы клубқа ресми хат жолдады. Бұл жағдай ойыншының пайдасына шешіледі деп үміттенеміз. Федерация өз кезегінде Исламханды толығымен қолдайды және қажетті көмек көрсетуге дайын", - деп жазды Азамат Айтқожин.

Еске салсақ, бұған дейін Бауыржан Исламханның ағзасынан тыйым салынған препарат табылғанын хабарлаған болатынбыз. Азия Чемпиондар Лигасының ойынына байланысты футболшы тапсырған допинг-сынама осындай нәтиже көрсеткен.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы матчта Албаниядан жеңіліп қалғанын жазған едік. Енді сәрсенбіде отандастарымыз Литва құрамасымен ойнауы керек. Матч Алматыда өтеді.

Одан бөлек, ресейлік ЦСКА клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов соңғы кездесу кезінде басына жасалған тізе соққысынан кейін есінен танып қалғанын хабарлағанбыз.

Спортшыны алаңнан зембілмен алып кеткен. Футболшы матчты жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Васин шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1884780-bauyrzan-islamhan-doping-dauyna-katysty-pikir-bildirdi/