RU

"Қазақстанда бәрі сатылады" деп желіні шулатқан волейболшыға Илья Ильин қолдау білдірді

Илья Ильин1
Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Қазақстандық ауыр атлет және Қазақстан спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы Илья Ильин айтқан сөзі желіні шулатқан волейболшы Алеся Сафроновға қолдау білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл жазбамда әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы Алеся Сафронова камераға ойындар әділ болмайтынын, төрешілер қарсылас командаға жеңіске жетуге көмектескенін айтты және айтқандары үшін кешірім сұрады. Ол ешкімді айыптағысы келмегенін және бұны эмоциямен айтқанын жеткізді.

Ал мен өз тарапымнан айтқым келетіні - ол айтты, айтқаны үшін кешірім сұрады. Енді оған ескерту жасап, бір ойыннан шеттетіңіздер және осымен бәрін ұмтылсын. Неге спортшыға қысым көрсетіп жатырсыздар? Спорт деген эмоция... Федерация өкілдері бұндай жағдайда адамның жан дүниесінде не болып жатқанын сіздер жақсы түсінулеріңіз керек қой. Сіздерден бұл мәселені дұрыс шешуді сұраймын. Ойыннан шеттетіңіз тіпті, болмағанда екі ойыннан. Сол кезде барлық спортшыларға камераға мұқият сөйлеу керектігі түсінікті болады", - дейді Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық "Жетісу" клубының волейболшысы Алеся Сафронова даулы мәлімдемесінен кейін бірнеше уақытқа ойыннан шеттетілгенін хабарлаған едік.

Алеся ойын барысындағы тайм-аут кезінде эмоцияға беріліп, телекамераға "Қазақстанда бәрі сатылады. Федерацияда да", деп айтқан.

Дегенмен ол бұл сөздері үшін кешірім сұрап, қызуқандылықпен айтқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1885141-kazakstanda-bri-satylady-dep-zelini-sulatkan-volejbolsyga-ila-ilin-koldau-bildirdi/