RU

Тағы бір қазақстандық файтер UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

Арман Әшімов1
Фото: instagram.com/ashimovarman

Үздік қазақстандық файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды деп хабарлайды Prosports.kz.

Басылымның мәліметінше бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеген.

"Арман UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында осы ұйымның атынан жекпе-жекке шығуы керек. Қазіргі таңда ол АҚШ-та жұмыс визасын күтіп отыр", - деп айтқан Бәкенов. 

Айта кетейік, Арман Әшімов кәсіби спорттық мансабында 15 рет жекпе-жек өткізіп, оның 11-інде жеңіске жеткен. Соңғы рет спортшы өткен жылы бразилиялық Флавио Да Сильва Сантоспен кездесіп, төрешілер шешімі бойынша, қарсыласынан басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін аралас жекпе-жекте өнер көрсететін тағы бір отандасымыз Арман Оспановтың жақында UFC ұйымымен келісімшарт жасауы мүмкін екені хабарланған еді.

БАҚ-тың мәліметінше, таяуда спортшы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына ұшып барған. Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда Оспанов қазір UFC өкілдерін дайындайтын UFC Performance Institute институтында жүр. Сонда аралас жекпе жек шебері ұйым басшыларымен келіссөз жүргізуі әбден мүмкін. 

Осы жылдың тамыз айында Оспанов UFC ұйымымен күзде келісімшартқа отыратынын жеткізген еді.

Бүгінде жалпы UFC-де Қазақстанның атынан Жалғас Жұмағұлов, Шавкат Рахмонов, Мария Aгапова, Сергей Морозов сынды спортшылар өнер көрсетеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/1885364-tagy-bir-kazakstandyk-fajter-ufc-jymymen-kelisimsartka-otyrdy/